Париждегі әйгілі «Le Trianon» театрында «Astana Musical» театрының этно-фольклорлық мюзиклі «Қыз Жібек» қойылымы сахналанды. Париждік көрермендер әртістердің шеберліктеріне ерекше қошемет көрсетіп, ду қол шапалақтады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен гастрольдік сапар басталды. Еуропаның бес елінде өтетін еуротур Парижден бастау алды.
Еуропадағы бұл шетелдік тур – «Astana Musical» жас театрының тарихындағы жаңа белес. Қазақстан құрамасының экскурсиялары Еуропаның Берлин, Париж, Вена, Брюссель, Мәскеу қалаларында өтеді.
«Мәдениет және спорт министрлігі жүзеге асырып отырған «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы қазақстандық шығармашылық жобалар мен қазақстандық ұжымдардың жаңа идеяларына тың серпін береді деп ойлаймын. Бұл өз мүмкіндіктерімізді жоғары деңгейге көтеру және әлемге ұлттық мәдениеттің жетістіктерін көрсету үшін тамаша мүмкіндік», дейді «Astana Musical» театрының көркемдік жетекшісі Асхат Маемиров.
Қазақ театры Париж тұрғындарына этно-фольклорлық мюзикл «Қыз Жібек» қойылымын сыйлады. Көрермендердің айтуы бойынша, қойылым қазақ мәдениетін айрықша ерекшеліктерімен айшықтайды.
Спектакльді тамашалаудан кейін көрермендер қазақ халқының поэтикалық мұрасын өзінің алуан түрлілігімен және сұлулығымен тауып алғандығын атап өтті. Танымал қазақ әуендері мен әндерінің музыкалық дәйектемелерінен басқа, көрермендер халықтың бай мәдениетін – бата беру, жоқтау, айтыс сынды дәстүрлерін көрді.
«Тіл кедергілеріне қарамастан, маған өте қатты ұнады. Мен ешқашан мұндай атмосферада болып көрмеппін. Мәдениеттеріңіз ғана емес, тарихтарыңызды да сезіне алдым. Спектакль ғажап. Бәрі де өте шебер және терең ойластырылған. Драматургия да, киімдер де ұнады», дейді франциялық театртанушы, режиссер Давид Чавлис Ассатиани.
«Асқан сезімтал ұлттық колорит назарды баурап алады, қазақ мәдениетіне айрықша әсер беріп тұрған – өзіндік ішкі дүниесімен және айқындығымен тартады. Керемет қойылым. Әртістер мен бишілердің орындауы соншалықты ғажап, айналаны түгел баурап, көңіл түкпіріне шейін жаулап алды», деп пікірімен бөліседі театр сыншысы, өнертану докторы Мари-Кристин Сирижол.
«Егемен-ақпарат»