• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Желтоқсан, 2017

Сөзден іске көшкен жөн

253 рет
көрсетілді

Жұртшылық тарапынан жолдарды, көшелерді, жерасты құбырларын қалпына келтіру жұмыс­тарына сын көп айтылады. Оның бір ұшығы тапсырылған жауапты учаскеге салғырт қарау­дан және іс сапа­сыз­дығынан туындап жататыны жасырын емес.

«Нұр Отан» партиясы об­лыстық филиалында өткен партиялық тыңдау барысында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағ­дарламасының орындалуы басты тақырып арқауына айна­лып, Энергетика және тұрғын үй-­коммуналдық шаруа­шылық басқармасы басшысының орын­басары Әділбек Әубәкіров­тің есебі тыңдалды. Ол өз сө­зін­де бағдарлама шеңберінде 10 жоба қолға алынғанын, оған 6 миллиард теңге қаражат қарас­тырылғанын, жоспарлы жұмыстардың 68 пайызы иге­ріл­генін айта келіп, 2020 жыл­ға қарай тозығы жеткен сумен және жылумен қамту же­лі­лері ретке келтірілетінін жет­кізді. Облыстық мәслихат­тың депутаты Сергей Тимо­феев­­ті оның мәлімдемесі қа­на­­ғаттандырмаса керек, ол әңгімені қатқыл бастады. Алай­да, облыс тұрғындарының ин­фра­құрылым жұмыстарын атқаратын мердігерлерге көңіл­дері толмайды. Әсіресе сапа жа­йына қатысты шағымдар аз­ емес.

Құбырлар жөнделген соң­ жолдар мен көшелер неге түзел­мейді деген сұрағына нақты жа­уап берілмеді. Кейбір көшелер бір­не­ше жылдан бері ойдым-ойдым қалпында тұр. Машақатын сол маңайдағы адамдар тартып жүр. Тиісті орындар сыннан тиісті қоры­тын­ды шығарудың орнына кі­нә­ні өзгелерге аударуға әуес. Ә. Әубәкіровке график бойынша жү­зеге асырылатын жөндеу шараларының тізбесін жасау, қатаң бақылауды ширату міндеттелді.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ об­­­лыс­­­тық бөлімшесінің же­тек­­­шісі Болатбек Айтбаев «Кө­лік­тік-логистикалық ин­фра­құрылымды дамыту» бағдарламасын баяндап, ауқымды үш жобаның бі­регейі ретінде «Астана-Петро­павл-Қорған» транзиттік дәлі­зін атады. Бұл мақсат үшін­ ел қазы­насынан қомақты қаржы бөлініп, жаңа технология қолданылуда. Алдағы үш жыл ішінде 6,7 мың шақырым авто­мобиль жол­да­рын салу, қалпына келтіру белгіленген. Бұқар жырау кө­ше­сіндегі өтпелі көпірдің ке­лесі жы­лы іске қосылатыны бел­гілі бол­ды.

Партиялық тыңдауда ауыр жүк көліктерінің қозғалысына бақылау орнату тапсырылды. 

Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы