• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
10 Қараша, 2011

Қылмыскерлер құрықталды

470 рет
көрсетілді

Еліміздің Ішкі істер министрлігі Маңыстау облысының полиция қыз­­меткерлері биылғы жылдың 19 та­­­мызында «Өзен-Мұнайгаз» ком­па­ниясының бұрынғы жұмыс­шысы­ның қызы Жансәуле Қара­ба­лаеваны өлтірген деген күдікпен тағы бір адамды қамауға алғанын хабарла­ды. Жедел-іздестіру шара­лары нә­ти­же­­сінде 28 қазан күні аталған қыл­мысты жасады деген күдікпен ж­ә­бірленушінің сынып­та­сы ұста­­­лып, Жаңаөзен қаласы ішкі істер басқар­масының уақытша ұс­тау оқшаула­ғы­шына қамалған. Тергеу ба­рысында күдіктінің 19 тамызда кешкісін ішімдік ішіп, жолдасымен бірге «Ниссан-Патрол» көлігінде келе жа­тып, жолда сыныптасы Қараба­ла­е­ваны кезіктіргені анықталады. Бойжеткен өзін Жаңаөзен қала­сына таяу жердегі Теңге ауы­лына жеткізіп тастауды өтін­ген. Қыздың өтінішін қош алған­дай болып кө­рін­ген қос жігіт жас қызды қала­ның ескі әуежайы жа­ғы­на апарып, күштеп зорлаған. Одан кейін аяу­сыз жасалған қыл­мыс іздерін жа­сыру үшін талық­сып жатқан жан­ды арматурамен ұрып өлтірген. Қылмыс құралы темір арматураны базар маңайын­да­ғы қоқыс салатын жәшікке таста­ған. Ұсталған екінші күдікті де болған оқиғаны тап осы­лай баяндап берген. Енді қазіргі уақытта қамауға алынғандарға қа­тысты дә­лелдеу базасын нығайту бойынша жедел-тергеу іс-шара­ла­ры одан әрі жалғасуда. Сот-био­ло­гия­лық, ге­ном­дық және басқа да сараптамалар тағайындалды. Бұл қылмыстың ашылуы қи­ын­ға соқты. Өйткені, марқұм Ж.Қа­рабалаева ешкіммен араласпаған, тұйық қыз боп өскен. Сондықтан қылмыскерлердің ізіне түсу оңай болған жоқ, дейді ІІМ баспасөз қыз­метінің бастығы. Сондай-ақ, осы облыстағы Қарақия ауданын­­­дағы «МұнайФилдСервис» ЖШС-нің бұрғылаушысы Тұрбаевты өл­тіру қылмысының ашылуы да ІІМ-нің ерекше бақылауында көрінеді. Тамыз айынан бастап, облысқа ІІМ-нің күшейтілген жедел-тергеу тобы жіберілді. Алайда, көптеген мән-жайлар қылмысты ашуға мүм­кіндік бермеді. Тұрбаевты өлтіру оңа­шада жүзеге асырылған. Осы­ған байланысты жедел-тергеу тобы кі­нә­лілерді анықтау және дәлелдеу ба­засын жинақтау бойынша бір­қатар жұмыс атқарған. Тек жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде бірнеше сараптама өткізгеннен кейін ғана Тұрбаевты өлтірген кү­дік­ті ретінде бұрын мұнай-газ өнді­рі­сін­де жұмыс істеген, 28 жастағы Жа­ңа­өзен қаласының тұрғыны ұсталды. Сонымен қатар Оңтүстік Қа­зақстан облысының криминалдық полиция қызметкерлері Шымкент қаласының тұрғыны 42 жастағы кәсіпкерді өлтіру қылмысын ашты. Оның пышақ салынған мәйіті қа­зан айының аяғында өзінің жеке дү­кенінде табылған болатын. Дү­кен­нен 1 миллион теңгеге жуық ақша ұрланған. Сонан жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысын­да полиция қызметкерлері 28 жа­с­тағы жергілікті тұрғынды ұстады. Оның кәсіпкерді пайда табу мақ­сатында өлтіргені анықталды. Ол жәбірленуші қолында бұрын жұ­мыс істеген және оның кассада осындай көлемде ақшасы бар екенін білген. Кәсіпкердің жолдасы дүкеннен кетуін күтіп, түс кезінде баса-көктей келіп жәбірленушіге пышақ салған. Содан соң кассадан емін-еркін ақшаны алған көрінеді. Ал Жамбыл облысы полицейлері Қарағанды облысының Ақсу ауылында арнайы іс-шаралар өт­кізу кезінде іздеуде жүрген Тараз қаласының 30 жастағы тұрғынын ұстады. Ол спирт ішімдіктерін бірлесіп ішкеннен кейін туындаған жанжал кесірінен 59 жастағы адам­ды өлтірген. Жәбірленушінің пы­шақ салынған мәйіті шілде айының басында Жамбыл облысының Қы­зыл ауылындағы өз үйінің ауласын­да табылды. Қылмыс жасағаннан кейін қылмыскер Қарағанды облы­сын­да тұратын туыстарына қашып кеткен. Сол жерде оны полиция қызметкерлері қолға түсірді. Полиция қызметкерлері «Стан-ТВ» порталының түсіру тобына ша­буыл жасаған күдіктілерді де ан­­ықтап отыр. Ақтау қаласының 36 жастағы тұрғыны Руслан Гасанов қазір іздестірілуде. Полиция күдік­ті­нің байланыстарын зерделей келе, автомашинаның иесін тапты. Ав­­томашина иесі Гасановтың мұ­ны алдап «Toyota Land Cruiser Pra­do» көлігін иеленіп алғанын хабар­ла­ды. Алаяқтық дерегі бойынша қылмыс­тық іс қозғалды. Сонымен қатар Га­сановтың 25 жастағы сы­байласы анықталды. Күдіктілердің фотосуреттерін көрсеткен кезде жәбір­ле­нуші оларды бірден таныған. Сол сияқты Оңтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкер­ле­рі Монтайтас ауылындағы мектеп директорының үйіне жеке мүлікті иеленіп алу мақсатында қарақшы­лық шабуыл жасау қылмысын аш­ты. Жедел-іздестіру іс-шаралары ба­рысында Шымкент қаласының 26 жастағы тұрғыны ұсталды. Кү­дікті өзінің сыбайластары арқылы жәбірленушінің ауқатты екенін бай­қаған. Қылмыс жасау мақса­тын­­да олар алдын-ала тоқылған бас киімдер мен скотч сатып алған. Ауылға келіп қылмыскерлер жәбір­ленушінің үйіне кірген. Үй иесі мен оның отбасын ұрып-соғып, бай­лап тастап, сейфтен алтын бұ­й­ымдар мен 9 млн. теңгеден астам ақша ұрлап, «Мерседес» автомаши­насымен қашып кеткен. Бірақ ал­ыс­қа ұзай алмайды. Шымкент қа­ла­сына бара жатқан жолда Орда­басы ауданының аумағында олар­дың көлігі аударылады. Қазіргі уа­қытта полиция қызметкерлері қыл­мысқа қатысушыларды іздестіріп, ұстау үшін қабылдауда. Жалпы, апта ішінде 3642 қылмыс жасалып, оның 2073-і ашылған. Бұрын жа­салған 583 қылмыс, оның ішінде өткен жыл­­ғы 10 қылмыс ашылды. 85 қыл­мыс­кер табылды, 20 қару тәр­кіленді. 66 есірткі қылмысы, он­ың ішінде ес­ірткі сатудың 33 фактісі анықталды. 316 келіден астам есірткі құралы, оның ішінде 2 келіге жуық героин тәркіленді, дейді ІІМ өкілі. Александр ТАСБОЛАТОВ.