• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
08 Желтоқсан, 2017

Тәрбие тарихтан бастау алады

275 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында еліміздің жан-жақты дамуы үшін барлық салада жаңғыру тәрбиесі жүргізілуі қажеттігін алға қойған еді

Соған орай қазақ билер соты­ның дамуы мен құрылу тари­хын зерттеп, мәдени және құқық­тық тарихи мұраны сақтау ар­қы­лы жастардың бойында мем­­ле­кет және құқық тарихына деген сый-құрмет қарым-қаты­насын, мақтаныш және патрио­тизм сезімін қалыптастыру мақса­тында Ақмола облыстық соты Ш.Уә­лиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік уни­верситетімен бір­лесіп, «Қазақ даласының билер соты – егеменді еліміздің сот-құқық жүйесінің негізі» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. 

Жоғарғы соттың судьясы Әділ Құрықбаев конференцияның ашылуында Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәмидің конференция­ қатысушыларына арнаған құттық­тау сөзін оқып берді. Онда ұлты­мыз­дың қадір-қасиетін айқындап тұрған тілімізді ұлықтап, халқы­мыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрін сақтағанда ғана еліміз руха­ни жаңғырып, «ұлттық кодымыз» нығая түспек ойы айтылып,­ «Би бабаларымызға тән имандылық, адалдық, әділдік, турашылдық прин­ципін құқық қорғау ор­ган­дарының өкілдері мен судья­лардың мықтап ұстанғаны абзал», деп атап көрсетілді. Өйт­кені Мемлекет басшысы өзі­нің «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» бағдарламалық мақа­ла­сында «Ұлттық код, ұлттық мәде­ниет сақталмаса, ешқандай жаң­ғыру болмайды» деген еді.

Ал Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров, конференция жұмысын жалғастыра отырып, Елбасының бағдарламалық мақаласының негізгі ережелерін іске асыру мақсатында, ғалымдар, тарихшылар, филологтар, тіл ма­ман­дары, облыс ақсақалдары мен судьялар бірігіп қазақ билер сотының тарихын зерттеу бойынша жұмыстар жүргізгенін атап өтті. «Билер соты – бұл тек қа­на құқықтық институт ғана емес, бұл тарихи және мәдени мұ­ра болып табылатын халық пен мем­лекетті басқарудағы дана инс­титут. Ұрпақтан ұрпаққа құнды тәжі­рибені сақтап, жеткізу қажет» – деді Досжан Әміров.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияда ғалымдар, сот жүйесінің ардагерлері және судьялар сөз сөйледі. Ақмола облыстық сотымен әзірленген «Қазақ дала­сының билер соты» атты бейнефильм көрсетілді. Нәтижесінде, қатысушылар мемлекеттік, жер­гі­лікті атқарушылық және құ­қық қорғау органдарында, сот жү­йе­сінде, жоғарғы оқу орындарын­да іске асыруға ұсынылған қарар­ды қабылдап, сонымен қатар, Пре­зидент Н.Назарбаевтың «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының қағидаларын жүзеге асыру бойынша ведомствоаралық жоспар құрды. Сол арқылы бұл өткізілген кон­ференция «Рухани жаңғыру» негізінде алдағы уақытта да өткі­зілетін барлық іс-шараларға бастама болып табылатындығы айтылды. 

«Егемен-ақпарат»