• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Желтоқсан, 2017

Гаагада «Қазақстан Камератасы» мемлекеттік классикалық музыка ансамблінің концерті өтті

526 рет
көрсетілді

Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында Голландияның Гаага қаласында халық әртісі Гаухар Мырзабекова басқаратын «Қазақстан Камератасы» мемлекеттік классикалық музыка ансамблінің концерті өтті.

Концерттің салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген Қазақстанның Нидерландтағы елшісі Мағжан Ілиясов өз сөзінде екіжақты ынты­­мақтастықтың барлық салаларында оң өзгерістер орын алған­дығын атап өтті. Атап айт­қанда, халықаралық күн тәр­тібі мәселелерінің көбі бойынша ұқсас ұстанымдар болып, 2018 жылда екі мемлекет БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі шеңберінде белсенді өзара әрекеттестікке әзір екендіктерін білдіріп отыр. Музыкалық кештің шы­мыл­дығы Құрманғазының «Бал­бырауын» күйімен түрілді. Одан әрі аңызға айналған «The Beatles» ағылшын тобының атақты туындылары Қазақстан оркестрі тарапынан классикалық мәнерде орындалды. Концерт аяқталғаннан кейін көрермендер қазақстандық әртістерді ду қол шапалақпен марапаттады. Концерттік залдың дәліздерінде қонақтар бір-бірімен кештен алған керемет әсерлерімен бөлісті.

Тыңдармандар арасында халық­­аралық ұйымдардың бас­шы­­лары, диплома­тиялық миссиялардың басшылары, голландиялық ірі компаниялар мен банктердің басшылығы, Бенилюкс мемлекеттерінің зия­лы қауым өкілдері, сондай-ақ қазақстандық диаспора және Нидерландта оқып жатқан отандас студенттеріміз болды.

Голландия Сыртқы істер ми­нистрлігі Еуропа депар­та­менті­нің директоры Дафне Бергсма: «Бүгін біз «Қазақстан Каме­ратасы» әртістері орындаған әлемдік классикалық және қазақ ұлттық әуендерінің тамаша орын­далуына куә болдық. Өре­лі өнер­паздар бізге аса жоға­ры кәсіби ше­бер­ліктері мен ұмытылмас өнер кешін сыйлады», деп атап өтті.