• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Медицина 08 Желтоқсан, 2017

Қазақстанның жаңа Бас мүфтиі сайланды

699 рет
көрсетілді

Алматыда Қазақстан мұсылмандарының кезекті VIII құрылтайы өтіп жатыр. Жиын барысында Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының жаңа Бас мүфтиі сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Құрылтайға қатысушы 300-ден астам делегат Серікбай қажы Оразұлының кандидатурасын бірауыздан қолдады. Жаңа Бас мүфти 4 жыл, яғни 2018-2022 жылдар аралығында қызмет атқаратын болады. Сондай-ақ Бас мүфти орынбасарлары лауазымына Наурызбай қажы Тағанұлы, Алау Əділбаев, Бауыржан Есмаханов сайланды.

Құрылтай жұмысына Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мүшелері, Ғұламалар кеңесінің мүшелері, теолог-ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, еліміздің әр облысынан келген құрылтай делегаттары қатысуда. Қазақстанның бұрынғы Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы өзі қызмет атқарған 2013-2017 жылдар аралығында іске асырылған жұмыстар жөнінде есеп берді.