• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Желтоқсан, 2017

«Өрлеу» жобасына қатысқан мақтаралдықтардың табысы 3 есеге артқан

330 рет
көрсетілді

Мақтарал ауданында «Өрлеу» жобасының арқасында кәсібін ашып, әлеуметтік жағдайын түзеп жатқан отбасылар көп. Биылдың өзінде 3046 отбасындағы 18909 адам дәл осы жобаның жемісін көріп отыр. Бұл туралы Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Өрлеу» жобасының арқасында қаржы алып, сауда дүкенін ашқан Игамкулова Гулсинай бүгінде отбасын асырап, бала-шағасын бағып отыр. Жобаның арқасында 472 мың теңге алған ол Елбасымыздың саясатына дән риза. Сол сияқты Кузайдаров Асылбек 567 мың теңге көлеміндегі қаржылай көмекті мақсатты түрде жұмсап, ағаш өңдеп, жиһаз жасау цехын ашқан.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Өрлеу» жобасына қатысқандардың 14,9 пайызы, қаржылай көмек алғандардың 22,5 пайызы мақтаралдықтар екен. Аудан бойынша жобадан қаржылай көмек алғандардың 70 пайызы мал шаруашылығымен айналысса, қалғандары құс шаруашылығы, сауда-саттық, өндіріс т.б. кәсіппен айналысуда. Соның арқасында жобаға қатысушылардың табысы 3,4 есеге өскен.

Айта кетейік, осы жылы бағдарлама арқылы мақтаралдықтар жалпы сомасы 1,4 миллиард теңге көлемінде қаржылай көмек алған.