• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
10 Қараша, 2011

Техниканы өзіміз құрастырамыз

289 рет
көрсетілді

«ҚараталАгроТех» ком­па­ния­­сының дирек­торы Базархан Байтаев, жаңа «Арлан» жүрдек тра­к­­торларын шығару бас­­тамасы жайлы бы­лай­ша әңгімелейді. – Қай саланың болсын қол жеткізген жетістігін айтқанда өт­кен ғасырдың соңғы жылда­ры­н­дағы қиындықтар еске тү­се­ді. Мәселен, нарыққа өтпелі ке­зең қай саланың болмасын іргесін әлсіретіп-ақ кетті. Жекешелендіру басталып, ұжымның қолындағы техника та­лапайға түсті. Ескілерінің өзі­не қол жеткізу үлкен мәселеге айналды. Шаруашылық құры­лымдары қосалқы бөлшектерді жамап-жасқаудың көмегімен «іл­дәлдалаған» техникалар да сыр бере бастады. Оларды жаңа­лауға қыруар қаржы керек. Ал диқан болса, егістіктегі жұмыс­тардың агротехникалық талап­тар­ға сай орындай алмағанына қынжылды. Демек, отандық техника шығару қажеттігі күн тәр­тібінде тұрды. Оны қолға алу керектігін түсіндік. Осы кезде сұранысқа ие жоба жүзеге асты. Бастаған ісіміз нәтижелі болды. Қазір Қаратал ауданындағы Үштөбе қаласында ауыл шаруа­шылығына арналған доңғалақты трактор шығару ісіне ұжым мү­­шелері белсене кірісіп отыр. Көп ойла­нып, жүрдек техни­ка­ны «Арлан» деп ата­дық. Трак­тор­ларды құ­ра­с­­тыру бұ­рын­­ғы жөн­деу-ме­ха­ни­ка­­лық кә­сіп­ор­­ны аум­а­ғында жүзеге асы­ры­­луда. Әрине, күр­делі мәселе­­нің тия­нағын келтіруге қы­ру­ар қаржы керек екендігі белгілі. Аталған жобаға 268 млн. теңге инвестиция тартылып, «Қа­­ра­тал­Агро­­Тех» компаниясы құ­рыл­са, стра­­­тегиялық әріпте­сі­міз – Қытай­­­дың бірінші мемлекеттік «ҮТО Group» трактор зауы­ты. Жарты ғасырдан астам та­ри­хы бар бұл зауыт әлемнің 98 ел­ін техникамен қамтамасыз етеді. Үштөбеде құрастырылатын «Арлан-200», «Арлан-254», «Ар­­лан-404» тракторларының Қа­зақ­стан рыногында бәсеке­ле­сі жоқ екенін уақыттың өзі дә­лел­деп отыр. Шағын және орта фермерлік шаруашылықтар үш­ін бағасы және қолданыста қо­лайлылығымен ерекшеленеді. Әр трактордың пайдалану мер­зімі 8-10 жылға есептелген. Жиырма аттық күштен 180 ат­тық күшке дейінгі аралықты қам­титын түрлі қуаттағы трак­тор­дың бес түрі шаруалардың қолына тиді. Жыл он екі айда бір толастамайтын ауыл шаруа­шы­лығында кәдеге асқан техника күші біз үшін қуанышты. Оған қоса зауытта басқа да ауыл­ша­руа­шылық техникалары мен аг­ре­гаттары шығарылуда. Әлі де ізденісті істер жалғаса­тыны анық. Зауыт жұмысын 2009 жыл­­­дың сәуір айында бастады. Содан бері көп уақыт өткен жоқ. Қазіргі кезде «ҚараталАгроТех» компаниясы жыл сайын 700 трак­тор құрастыруды жоспарлап, белсенділігімен танылып келеді. Отандық «бренд» саналған кә­­сіпорынға жергілікті жердің жұ­­­­мысшылары тартылған. Та­лай­дың екі қолға бір жұмыс та­буына негіз болған зауытта жи­ыр­маға жуық жұмысшы еңбек етеді. Қадам басқанына санаулы ғана жыл болған кәсіпорын жу­ырда жүз он алтыншы трак­то­рын шығарды. Бұл – Тәуел­сіз­діктің 20 жылдық мерекесіне тамаша тартуымыз. Ұжым әр күн­ді ерекше қарқынмен атап өтіп, сапаға ерекше көңіл бөлуде. Ой­лап отырсақ, тәуелсіздік саланы да жаңғыртты. Оны өз ісімізден-ақ көріп отырмыз. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.