• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Желтоқсан, 2017

Семейде 120 аула жөнделеді

282 рет
көрсетілді

Семейде алдағы жылы «Менің аулам» атты арнайы бағдарлама іске қосылады.

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовтің айтуынша, 2018 жылы қаладағы көп қабатты үйлердің кіре­беріс жерлерін, аулаларды жөндеу үшін қалалық бюд­жеттен 61 миллион тең­ге қарастырылған. Бұл қаражат 50-ге тарта ауланы толық абаттандыруға жетеді. Қалада жалпы 600-ге жуық аула бар екен. Тұр­ғын үй-коммуналдық ша­руашылық бөлімі әзірше 120 ауланы жөндеуге орай жоба-сметалық құжаттарды әзірлеп қойды. Ең алдымен аулаларға қарасты тұрғын үйлердің коммуналдық қарыздарының болмауына талап қойылады. Яғни ауланы көрікті ғып ұстаймын дегендер жылу мен жарыққа, суға қарыз болмауы қажет. 

Раушан НҰҒМАНБЕК

Семей