• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Желтоқсан, 2017

«Қансонар» халықаралық турнирге айналды

1420 рет
көрсетілді

Бурабай курортты аймағын барынша тартымды ету мақсатында көптеген шаруалар қолға алынып келеді. Сондай шараның бірі Тәуелсіздік күніне орайлас­тырылып әрі бүркітші Мәсіп Батырханұлын еске алуға арналған «Қансонар» халықаралық турнирі ұйымдастырылды. 

Облыстық туризм басқар­масының басшысы Шынарбек Батырхановтың қатысуымен Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте халықаралық турнирдің бас жүлдесіне автокөлік ті­гі­­летіні ерекше аталды. Оның бас төрешісі ретінде об­лыс­тық дене шынықтыру жә­не спорт басқармасының «Ұлт­тық спорт түрлері бо­йын­ша облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мем­ле­кеттік мекемесінің ди­рек­­торы Марат Қойшин бе­кітілді. Жалпы, құсбегілік өнері бұған дейін де талай насихатталған. Алайда ха­лықаралық деңгейге алғаш рет көтеріліп отыр. Өйткені қазір әлемде құспен аң аулауға қызығушылық артуда. Оның үстіне Қазақстанның тамаша табиғаты мен қысы құс­бегілерді қызықтырып отыр­­ған сияқты. Ұйым­дасты­рушылардың мә­ліметіне қа­р­ағанда, 5 елден 50-ден ас­там үміткер өздерінің бақ­тарын сынады. Бұл ретте Ш.Батырханов облыс басшы­сы Мәлік Мырзалинге қолдау білдіргені үшін риза­шы­лығын айтты. Бұдан кейін сөз алған Қазақстан Рес­пуб­ликасының құсбегілік өнері бойынша бас бапкер Күнтуған Базарбек бұл атакәсіптің 10 облыс пен 1 қалада кең өріс ал­ған­дығын жеткізді. Тағы бір бел­гілісі, ұлттық ойындар қауым­­дастығы 2 миллион тең­ге кө­лемінде қаржы бөлген.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы