• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Желтоқсан, 2017

ОҚО-да тұрақтандыру қоры қоймаларды пайдалана бастады

282 рет
көрсетілді

Қыс айларында азық-түлік бағаларының қымбаттауына жол бермеу керек. Шымкенттегі көлік-логистикалық орталығына барып, өңіріміздегі тұрақтандыру қорының қоймасын аралап көрген облыс әкімі Жансейіт Түймебаев осылай деді.

Тұрақтандыру қоры қазіргі таңда Шымкенттегі көлік-логистикалық орталығының әлеуетін тиімді пайдаланып отыр. Бұл жерден 4 мың шаршы метрлік қоймаларды жалға алған. Сөйтіп, 2,5 мың тоннаға жуық азық-түлік тауарларын сақтап отыр. Аталған серіктестіктің жұмысымен танысқан өңір басшысы бағаны тұрақтандыруда заманауи қоймалардың маңызды екенін жеткізді.

- Бұған дейін тұрақтандыру қоры тауарларын Кеңес заманынан қалған қоймаларда сақтап келді. Талапқа сай келмегендіктен сақталған тауарлар ерте бүлініп, бірқатар шығындарға ұранатын. Енді міне Шымкент қаласынан заманауи қойма пайдалануға беріліп, тауарларымызды сақтау мерзімі ұзарып отыр. Қазірдің өзінде біз осында сақталған картоптарды 85 теңгеден, сәбізді 80 теңгеден, ал пиязды 50 теңгеден сатылымға шығарудамыз, - деді «Шымкент» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы төрағасының орынбасары Маратбек Мырзамұратов.

Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан»