• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Желтоқсан, 2017

Қостанай облысының 2018 жылғы бюджеті 206 млрд теңгені құрайды

269 рет
көрсетілді

Облыстық мәслихат сессиясы облыстың келер жылғы бюджетін 206 миллиард етіп бекітті. 2017 жылы бұл цифр 168 миллиард болатын.

Бірақ бұл келер жылдың бюджеті әлі нақты болмауы мүмкін. Өйткені жыл қорытындысы әлі шығарылған жоқ. Бірақ жоспарланғаннан көп тірлік жасалып жатыр, оның біріне қаржыны облыс өзі тапса, біріне республикалық мемлекеттік бағдарламаларынан алады. Бюджетте көрсетілген қаржының біразы республикалық бюджеттен субвенция, трасферттер, несиелер арқылы түсетін болады. Облыстың өзі жыл бойына тапқан табысынан 60 миллиард теңге алуды жоспарлап отыр. Атқарылатын істердің басымдықтары өзгеріп отырады. 2017 жылы бюджеттің ірі көлемдегі қаржылары ауыл шаруашылығын дамытуға, денсаулық сақтау саласына жұмсалды. Ал келер жылы бюджеттен 15,7 жіне 12,7 миллиард теңге тұғын үй құрылысы мен оның инфрақұрылымына жұмсалатын болады. Сонымен қатар 8,8 миллиард теңге аудандық маңызы бар жолдар мен елді мекендердегі көшелерді дұрыстауға кетеді.

Бюджет қаржысы ауылдық елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге және мемлекеттік-кәсіпкерлік әріптестікті өрістетуге жұмсалмақ. Облыстық бюджетті негізінен Қостанай, Рудный қалалары толтырады, қалған аудандар мен қалалардың өздеріне субвенция беріледі.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ, «Егемен Қазақстан»