• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Желтоқсан, 2017

Оңтүстікте 480 отбасы баспаналы болды

315 рет
көрсетілді

Тәуелсіздік күні мерекесіне тарту ретінде халық игілігіне жаңадан 5 қабатты жаңа 8 тұрғын үй  пайдалануға  тапсырылды.

Көп қабатты тұрғын үйдегі  пәтердің кілті «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша төлебилік 480 отбасыға берілді. Жаңа қоныс Төле би ауданы, Ленгір қаласының 1-ші мөлтек ауданында бой көтерген.

Салтанатты шараға облыс басшысы Жансейіт Түймебаев, облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев, «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов  бастаған халық қалаулылары қатысты.

Тұрғындарды арнайы мерекемен құттықтай келген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев пәтер кілттерін жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, әскери және бюджеттік мекеме қызметкерлері мен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға салтанатты түрде табыс етті.

«Біздің басты міндетіміз — халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып, сапалы қызмет көрсету. Облыс, аудан орталықтарында, елді мекендерде тұрғын үйлер салынып жатыр. Соның бір дәлелі - бүгін Сіздердің аудандарыңыздағы 8 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 480 отбасы баспанамен қамтамасыз етіліп, қуанышқа бөленіп отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар барлық елді мекендерде Елбасымыздың «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында және жергілікті, облыстық бюджет есептерінен жалғасын таба бермек», - деді әкім.

Төле би ауданы тұрғын үйлердің құрылысына 2016-2017 жылдары облыстық бюджеттен 2 млрд. 735 млн. 406 мың 084 теңге қаралып, бүгінде толығымен игеріліп отыр. Нәтижесінде 29 264 шаршы метр тұрғын үй ел игілігіне берілді.

Қазіргі таңда коммуналдық тұрғын үй кезегінде ауданда жалпы 2961 адам кезекке тіркелген. Олардың ішінде 1676 адам халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы, 345 азамат жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар тізімінде болса, 940-ы мемлекеттік пен бюджеттік қызметкерлер тізімінде тұр.