• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Желтоқсан, 2017

Елордадағы ботаникалық бақтың құрылысы келер жылдың жазында аяқталады

361 рет
көрсетілді

Бүгінге дейін бақта 33 мыңнан астам ағаш отырғызылып, жасанды су қоймасы салынып, вело және жүгіруге арналған жолдар  салынды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Бүгін қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында «Елордада экологиялық қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету шаралары» тақырыбында баяндама жасаған Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Аймұхаметовтың мәліметінше, жобаның жалпы құны 23 млрд теңгені құрайды.

 «Ботаникалық бақтың ауданы - 92 гектар. Жобаның жалпы құны – 23 млрд теңге, бұл қаржының 12 млрд теңгесі – жеке инвестициялар.

Қазіргі таңда бақта 2 жылыжай бар. Олардың бірінде тропикалық өсімдіктердің 40-тан астам түрі, екіншісінде – шөлді жердегі өсімдіктердің 40 түрі өсірілуде. Нысанның құрылысы 2018 жылдың ортасында аяқталады деп жоспарлануда», - деп атап өтті Қосман Аймұхаметов.

Мұнымен қоса, қазіргі таңда Астанада өзен жағасының маңындағы саябақ салынып жатыр. Оның жалпы ауданы 141 мың шаршы метрді құрамақ. Мұнда 10 мыңнан астам жапырақты және қылқан жапырақты ағаш отырғызылады деп жоспарланып отыр.