Қазақстанның 2017 жылдың қаңтар-қазан айларындағы сыртқы сауда айналымының көлемі ақша баламасында 62 107,2 млн АҚШ долларын құрады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті хабарлады.
Бұл 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 25,6%-ға артты.
Есептік кезеңдегі экспорт көлемі 38 488,9 млн долларды (32,5% артты), импорт көлемі - 23 618,3 млн долларды құрады (+15,8%)