• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
11 Қараша, 2011

«ЕХРО-2017» форум назарында

266 рет
көрсетілді

Халықаралық маманданды­рылған EXPO-2017 көрмесін өт­кізу құқығына Астана қаласының өтінімін жылжыту және ілгерілету жөніндегі ұлттық жобасы ел­ордада өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы өткізген Әлеумет­тік жауапкершілік форумына қа­тысты. «ЭКСПО-2017» жобасының және Қазақстан халқы Ассам­блеясының ортақ мақсаты қоғам­ның ең жоғары дәрежеде бірігуін қалыптастыру және ұлттық бірлікке ұмтылу болып табылады. Сондықтан бұл көрме ұлттық ұйымдасудың біріктіруші өзегіне айналуы мүмкін. Біз «EXPO-­2017» көрмесін Астана қаласында өт­кізу бастамасын толықтай қол­даймыз, дейді форумды ұйым­дас­тырушылар. Форумда көпші­лік назарына ұсынылған EXPO- 2017 стенді халықаралық маман­дандырылған көрменің «Болашақ энергиясы» тақырыбын баян­дай­ды. Сондай-ақ стендтен алдын-ала жүргізіліп жатқан үгіт-наси­хат науқаны, Астана қаласының 2017 жылы көрмеге қатысушы 100 елден келетін 5 млн. туристі қабылдау мүмкіндігі туралы да білуге болады. Ал арнайы «EXPO-2017 тілектер кітабында» кез келген адам өз тілегін жазып, жоба тарихында өз қолтаңбасын қалдыра алады. «EXPO-2017» жобасының Қа­зақстан халқы Ассамблеясы өт­кіз­ген Әлеуметтік жауапкершілік форумына қатысуы Қазақстан үшін өте маңызды боп санала­тын мамандандырылған көрме ша-расына қоғамның барлық топ­тарының назарын аударуға мүмкіндік берді. «EXPO-2017» көрмесін өткі­зу құқына ие болған ел 2012 жылдың аяғында Халықаралық көрме бюросының барлық 157 мүше-елдері қатысып, дауыс беруімен анықталады. Әзірше Астана, дәлірек айтсақ, бүкіл Қа­зақстан өз кандидатурасын қол­дауға дауыстар жинау мақса­тын­да жұмыстар жүргізу үс­тінде. Венера ТҮГЕЛБАЙ.