• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Желтоқсан, 2017

«Нұр Отан» партиясының хатшысы жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келді

431 рет
көрсетілді

«Нұр Отан» партиясының хатшысы Ғабидолла Әбдірахымов жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келді.

Сыр өңіріне сапары барысында Ғабидолла Рахметоллаұлы қала­ның сол жағалауында салынып жатқан құрылыс нысан­дары­ның жұмысымен танысып, оң бағасын берді. Бұдан соң об­лыс­тық Мекемелер үйінде Елба­сы, «Нұр Отан» партиясының Төр­ағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде және мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы бағытында жиын өткізді. Мәжіліске облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, Президент Әкімшілігінің мем­лекеттік инспекторы Нұрлан Ті­лешеев, мәслихат депутаттары, аудан, қала әкімдері, облыстық департаменттер мен басқарма басшылары және партия активі қатысты.

Жиынды «Нұр Отан» пар­тия­сының Қызылорда облыстық фи­лиалының төрағасы, аймақ бас­шысы Қырымбек Көшербаев жүр­гізіп отырды. Филиал төр­ағасы партияның сайлауалды тұ­ғыр­намасында көзделген міндеттер мен межелерді, мемлекеттік бағдар­ламалардың орындалуына «Нұр Отан» тарапынан қадағалау жайында сөз қозғады. Осыған сәйкес, өңірдегі атқарылған жұмыстардың жөн-жобасымен таныстыру үшін бірқатар басқарма басшылары мен аудандар әкімдеріне сөз берілді.

Облыста білім беру саласын қар­жыландыру жыл сайын артып келеді. «Өткен оқу жылында 13 мектеп­тің құрылысы жүр­гізі­ліп, пайда­лануға берілді. Ал биыл Арал, Қазалы, Қармақ­шы ау­дан­дар­­ын­­дағы 11 апаттық жағдай­да­ғы мек­­тептің құрылысы облыс­тық бюд­­жеттен, Жаңақорғанда 300 орын­­дық 2 мектеп «Нұрлы жол» бағ­­дар­ламасы бойынша қайта салын­ды», – деді облыстық Білім басқар­мас­ының басшысы Бақытжан Сай­лыбаев.  Облыстық денсаулық сақтау бас­қармасының басшысы Ақма­рал Әлназарова аймақтағы «Ден­сау­лық» бағдарламасы бойын­ша атқарылған жұмыстарға тоқталып, оның нәтижелерімен таныстырып, медицина саласындағы кадр жетіспеушілігі жайында сөз қозғады.

Сондай-ақ Ақма­рал Шәріп­байқызы бірқатар проб­ле­малар­ға да тоқталды. «Медицина сала­сындағы мемлекеттік қызмет­шілерге, соның ішінде дәрігерлерге медициналық тәжірибеге тыйым салынған. Бұл өз кезегінде дәрігерлердің біліктілігіне, уақыт өте келе кәсіби дағдыларын жо­ғалтуына алып келеді», – деді ол. Мәжілісте Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Абзал Мұхимов, Қар­мақшы ауданының әкімі Сұлтан Ма­қашов та баяндама жасады. Жиын соңында партия хатшы­сы Ғабидолла Әбдірахымов Қызыл­орда облысындағы оң өзгерістерге тоқ­талып, алдағы уақытта да қар­қынды жұмыс істей беруге тілек­тестігін білдірді.

Ержан БАЙТІЛЕС, «Егемен Қазақстан»

ҚЫЗЫЛОРДА