• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
11 Қараша, 2011

Бәрі де тарифке байланысты

261 рет
көрсетілді

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығының қатысуымен Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде ұлттық тасымалдау­шының қызметі, 2008-2011 жыл­дардағы өндірістік-қаржылық көр­сеткіштер және 2012 жылға ар­налған тарифті бекіту жөніндегі тапсырыс бойынша тұтыну­шы­лар мен мүдделі мекемелер ал­дында қоғамдық тыңдау өткізілді. Осында айтылғандай, темір жолдың табиғи монополиялық қыз­мет түріне магистралдық же­лінің қызметі, кірме жолдар, электр және жылу қуаттарын бө­лу және тарату қызметтері кіреді. Сонымен бірге ол 2012 жылғы желтоқсанның 1-інен бастап темір жолдағы магистралдық желі­нің қызметін 10 пайызға, жалпы, темір жол тарифін 15 пайызға көтеру жоспарланып отырғанын да тілге тиек етті. 2012 жылға арналған бағдар­ла­мада жолдың жо­ғарғы қабатын жаңғырту, құрылыс, инфрақұры­лым­ды жаңғырту мен қайта жарақтандыру, пойыз қоз­ғалысы қауіпсіздігін көтеру, Достық стан­сасын одан әрі дамыту сынды өзге де шаралар қарастырылады. Компания магистралдық желі­нің тарифін көтеру арқылы 600 шақырым жолды жөндеу, 2699 жүк вагондарын, 134 локомотив алу, Қостанай – Железорудный темір жол телімінің 46 шақыры­мын электрлендіруге мүмкіндік алмақ. «Қазақстан темір жолы» АҚ 2008-2011 жыл­дары тарифті өсіру және қаржы тарту арқылы 2050 шақырым жолға күрделі жөндеу жүргізіп, 12109 жүк ва­гоны, 134 локомотив сатып алған. 47 локомотив қайта жаң­ғыр­тылған. Магис­тралдық желі нысандары жаңғыртылып, Дос­тық стансасы дамытылған. 2012 жылы компания қызмет көрсету аясын кеңейте түспек. Оның ішінде жүк айналымы 2012 жылы 221 145 миллион тонна шақырым метрге жеткізіліп, 2011 жылғы көрсеткіштен 2,5 пайызға жо­ғары болады деп күтілуде. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.