• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Білім 13 Желтоқсан, 2017

Ашық сабақ: Үржардағы робот-техника сыныбы

713 рет
көрсетілді

«Жақсыны көрмекке» деген. Үржар ауылындағы Абай атындағы орта мектепте робот-техника сыныбы ашылды деген қуанышты хабарды естіп, білім ордасына келдік. Бізді қарсы алған мектеп директоры Қабдысадық Баисинов робот-техника сыныбы орналасқан кең әрі жарық кабинетке алып келді. Үстел үстіндегі темір, пластиктен жасалған тетіктерді жинап жатқан балалардың ынтасы робот құрастыруға ауған. Біраздан кейін роботтың бірнеше түрі жасалды. Бұдан кейін экранға жан бітіп, робот әртүрлі күрделі қимылдарды жасай бастады.

– Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» ма­қаласындағы мін­деттерді орындау мақ­сатында «Менің мектебім» жобасы аясын­дағы робот-техника пәніне керекті құрал-жабдықтарды Д.Серікбаев атындағы Шы­ғыс Қазақстан мемлекеттік техни­ка­лық­ универ­ситетінің ұстаз­дары сыйлады. Біз­ осы оқу орнының ректоры­ Жас­ұлан Шай­мардановқа, қам­қорлық қолын соз­ған проректор Сәуле Рах­метуллинаға алғыс айтамыз. Бұл ауданда тұң­ғыш­ орнатылған ғылыми жоба бол­­­ғандықтан жауапкершілік мол. Бүгінгі таңда адам күшін үнемдеп, арнайы бағдарламалық жүйе арқылы жұмыс жасайтын робот­тар еліміздің мектеп­терінде қолданыла бастады. Мек­теп оқушылары арасында ғы­лыми жобаларға қатысып, ха­лықаралық, республикалық бай­қауларда жүлде алып жүрген та­лап­ты жастар баршылық. Биыл «Үздік шығармашылық топ» бай­қауында бас жүлдені, «Үздік педагог» байқауында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Дүбербаева бас жүлдені жеңіп алса, аудандық «Жыл сынып жетекшісі» байқауында бастауыш сынып мұғалімі Г.Баймурзина үздік деп танылды. Сон­дай-ақ ТМД елдерінің командалары қа­тыс­қан сайыста біздің оқушылар екінші орынды иеленді. Қытайдың Бейжің қала­сында өткен өнер сайысында Нұрбек На­зерке бас жүлдені алып, абыройымыз­ды асқақтатты, – деді робот-техника сыныбына жетекшілік жасап жүрген, мектеп директорының әдістемелік-иннова­циялық істер жөніндегі орынбасары, білім беру саласының үздігі Бақыт Ка­мешова.

Осы орайда шәкірттердің шы­ғар­­ма­шы­лық ізденісте табысқа же­туіне зор үлес қосып келе жат­­қан бір топ ұстаз­дардың есі­мін атап өткен орынды болар. Мек­­теп директоры Қабдысадық Баи­синов ұзақ жылдар аудан әкімінің орынбасары, екі мәрте аудандық мәслихаттың хатшысы қызметін абыроймен атқарды. Қазір де ұстаздарды ортақ табысқа іскерлікпен жұмылдыруда. Мек­теп директо­рының орынбасарлары Бақыт Камешова мен Еркін Қадыров «Білім беру саласының үздігі» атағына ие болды.  Үржар ауданының әкімі Серік Зай­нулдиннің айтуынша, алдағы уақытта да білім ошақтары заманауи робот-техникамен қамтама­сыз етілмек.

Оңдасын ЕЛУБАЙ, журналист

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы

Суретте: ­робот-техника сы­ны­­­­­­­бын­­­да

Суретті түсірген автор

Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп

Елімізде білім берудің мазмұны жаңарып, оған жаңаша көзқарас қалыптаса бастады. Ұстазға қойылатын талап та жыл өткен сайын арта түсіп, оқытудың әдіс-тәсілдерін, оны тиімді қолдана білу, үйрету міндеті жүктелуде.

ХХI ғасыр – білім мен оқу­дың ғасыры. Сондықтан да мұ­ға­лімдер қауымынан, оның ішін­­де тіл мамандарынан жаңа пед­а­гогикалық әдіс-тәсілдерді қол­дану арқылы сапалы білім беріп, тіл мәртебесін көтеру талап етіледі. Осыған орай бүгінгі күн та­лабына сәйкес барлық пән мұ­ға­лімдеріне орта білім беру маз­мұнын жаңарту мазмұны бойын­­ша біліктілікті арттыру курсы жүргізілуде. 

Жаңартылған бағдарламаның басты мақсаты – қазақ тілі пәні бойынша білім беру бағдар­ламасын жаңарту және крите­рийлі бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің ше­бер­лігін шыңдау. Оқушының өз бетімен білімге ие болуы мақ­сатында оның белсенді іс-әрекетін ұйымдастыруда мұ­ғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұнын, құрылымын білумен қатар, оқу­ материалдарын қолдануды мең­геруде. Критерийлі бағалау жү­йе­сін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы бі­лім алушылардың топпен, же­ке және жұптасып жұмыс жа­­сауы тиімді екеніне сабақ ба­­рысында көз жеткіздік. Жа­ңар­­тылған білім беру бағ­­дар­­­­­­ламасының ерекшелігі – спиральды қағидатпен берілуі. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын, яғни тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды жетілдіруге арналған. Бұл төрт дағды бір-бірімен тығыз байланысты, сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түсетіні сөз­сіз. Қорыта айтқанда, оқушы өзі­нің мектеп қабырғасында алған білімін өмірде қажетіне асыра алуы керек. Үйренгеніміз де, үй­ренеріміз де көп.

Жаңаша ізденіс, жаңа көз­қарас жалғасын тауып, ел ер­теңі – келешек ұрпақтың білім алудағы жетістікке жету жолын­да нәтижелі еңбек ете бере­тінімізге сенімдімін.

Алмагүл Нұрмұханбетова 

Қостанай облысы, Амангелді ауданы