Еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін азаматтардың үлкен бір тобы мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Олардың қатарында өндіріс, білім және ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет салаларының көрнекті өкілдері, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері, әскери қызметшілер және құқық қорғау органдарының қызметкерлері бар. «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы А.С.Есімовке, Атырау облысының «Тенгизшевройл» ЖШС менеджері Р.Т.Қуатовқа және Алматы облысының «Жақсылық» ШҚ басшысы Ж.Үшкемпіровке берілді.
«Отан» орденімен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К.Ахметов, Ақтөбе облысының әкімі Б.М.Сапарбаев, Ақтөбе облысының «Степное» ЖШС директоры А.С.Төлеуов, ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен – «Бөбек» балалар қорының президенті С.А.Назарбаева, ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен – «Қазақстан қаржыгерлер ұйымы» ЗТБ Кеңесінің мүшесі-құрметті төрағасы С.А.Аханов, «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ бас директорының Қазақстан Республикасы Үкіметімен байланыс жөніндегі орынбасары Қ.М.Қабылдин, «Қазақстан-Америка еркін университеті» ЖШС президенті Е.Ә.Мәмбетқазиев, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Н.М.Оразалин, жазушы Ә.Т.Сарай және басқалар марапатталды.
«Парасат» орденімен марапатталғандар қатарында Ақпарат және коммуникациялар министрі Д.Ә.Абаев, «М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» РМҚК әртісі Т.М.Аралбай, ақын К.Ахметова, «Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» РМҚК әртісі Р.Әшірбекова, «Қазфосфат» ЖШС басқармасының төрағасы М.Ш.Есенов, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ ғылыми жетекшісі А.Есентүгелов, кинорежиссер А.В.Каменский, Қарағанды облысының «Жараспай» ЖШС директоры С.О.Қоңырбаев, бұрынғы Бас прокурор Ж.Қ.Асанов, Әділет министрі М.Б.Бекетаев, Инвестициялар және даму министрі Ж.М.Қасымбек, Алматы облысының «ZHERSU» ИӨК бақылау кеңесінің төрағасы Б.К.Оспанов, жазушы Е.Ә.Раушанов, «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК ғылыми қызметкері З.Самашев, Ұлттық ғылым академиясының академигі Л.Тәшімов, әнші С.Тыныштығұлова, «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК филиалы Ақпәтер тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі К.Т.Өтеғұлов, «Костанайские новости» өңірлік газетінің бас редакторы-директоры С.В.Харченко бар.
ІІ дәрежелі «Достық» орденіне «Орталық Азия университеті» мекемесінің президенті Ж.Әлиев, «Жібек жолы» Баспа үйінің директоры Б.М.Қанапиянов, Шымкент қаласының «Отырар TV» телекомпаниясының «Собкор» ЖШС директоры В.К.Куликова, Ақтөбе қаласының «POKOC» компаниялар тобының бас директоры А.Ю.Ни және басқалар ие болды.
Бір топ белгілі ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері, өндірістік және әлеуметтік сала өкілдерінің еңбегі «Құрмет» орденімен атап өтілді, олардың арасында «Қазақконцерт» мемлекеттік ұйымы» РМҚК шебері Қ.З.Әбішев, ақын С.Адаев, «А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі» РМҚК оқытушысы А.А.Ақбарова, Алматы қаласының «ЭЛЕКТРОКАБЕЛЬ» зауыты» ЖШС бас директоры Б.В.Артеменко, «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» КЕАҚ жетекші опера солисі С.Ә.Байғожин, Ақмола облысының «Поиск» агрофирмасы» ЖШС бас директоры А.Я.Гусев, «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» РМҚК бас дирижері Б.К.Демеуов, Солтүстік Қазақстан облысындағы «Нежинка-Ерке» ЖШС бас директоры М.Қ.Жұмабеков, Шығыс Қазақстан облысының «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Семей магистралдық желі бөлімшесі» филиалының жол бригадирі Б.Т.Жолдоболинов, «Маңғыстау облыстық ауруханасы» МКК бөлімше меңгерушісі Т.Е.Мұқантаев, «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» РМҚК спортшы-нұсқаушысы А.С.Нұғымаров, Алматы қаласындағы Республикалық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатының директоры Г.Қ.Сабурова, Білім және ғылым министрі Е.К.Сағадиев, продюсер Б.Е.Серкебаев, Павлодар қаласындағы «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ цех бастығы Б.Ш.Смайлов, Астана қаласындағы «Отбасым» ҚБ кеңесінің төрайымы Ш.В.Сыздыкова, «Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры» РМҚК бас хормейстері Ә.Ж.Темірбекова, «Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ профессоры Л.Қ.Төлешова, Қызылорда облысындағы «Сыр Маржаны» ЖШС директоры М.С.Өтеев, ақын Т.Л.Фроловская бар.
Өнеркәсіп, транспорт, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа материалдық өндіріс салаларының 71 жұмысшысы мен еңбеккері «Еңбек Даңқы» орденінің иегерлері атанды.
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы ғылым, мәдениет және әлеуметтік саланың 58 көрнекті өкіліне берілді. Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен 327 адам наградталды.
Әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайту кезінде көрсеткен ерлігі мен қажырлылығы үшін әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, ІІ және ІІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды. Наградталғандардың тізімі жергілікті баспасөзде жарияланады.