• RUB:
    5.28
  • USD:
    481.63
  • EUR:
    534.46
Басты сайтқа өту
Медицина 15 Желтоқсан, 2017

Геннадий Зенченко: Экономикалық жетістігіміз ерекше

263 рет
көрсетілді

Ел Тәуелсіздігінің ширек ға­сыр­­дан асатын уақыт бедерінде қол­ жеткен жетістіктеріміз бен құн­дылықтарымызды саралап, ой елегінен өткізетін болсақ, экономикалық табыстарымыз­ды бөле-жара айтар едім.

Елба­сының алысты болжайтын көре­ген басшылығының ар­қасында «ал­дымен экономика, сосын сая­сат» стратегиясы мүл­тіксіз жүзеге асырылып, бү­гінде өрке­ниет­ті отыз елдің қатарына қосылудың қа­­рыш­ты қадамдарын жасаудамыз. Өзге мем­лекет­тер секілді Қазақстан да көптеген қиындықтарды бастан өткер­генімен, қаржы­лық дағдарыстарды ең­серудің тиімді жолдарын ұтымды ұйым­дастыра білді. Іргеміз сөгілмей, «тар жол, тай­ғақ кешуден» аман өттік. Бір ғана ауыл шаруашылығы саласын алайық. Бұл салада қаншама ауқымды жаң­ғыртулар жүргізіліп, мемлекет тарапынан орасан қаржылық қол­дау көрсетілді десеңізші! Мұ­ның бәрі, айналып келгенде, ха­лық­тың тұрмыс-тіршілігін, әл-ауқатын, өмір сапасын арттырып, жасампаздық «Мәңгілік ел» идеясымен алға ілгерілеуді, «Мен қазақстандықпын!» деген мақ­таныш сезімнің қалып­тасуын қамтамасыз етті.   Осылайшы экономикалық қарышты да­муымыз Қазақстан атты гүлден­ген, то­лыс­қан мемлекетті төрт­күл дүниеге таны­тып отыр. 

Геннадий ЗЕНЧЕНКО,  «Зенченко және К» командиттік серіктестігінің директоры,  Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты  

Соңғы жаңалықтар