Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіров 180 отбасыға Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Жаңа орталық» шағын ауданындағы жаңа тұрғын үйлерден пәтер кілтін табыстады.
«Жаңа орталық» шағын ауданындағы пәтерлерді көпбалалы отбасылар, жетімдер, мүгедек бала асырап отырған жанұялар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, толық емес отбасылар алды. Пәтерлердің құны бір шаршы метрі 100 мың теңгені құрайды.
«Жаңа орталық» шағын ауданы Қарағандының Оңтүстік-Шығысында салынып жатыр. Үш 14 және 16 қабатты үйлерде жалпы ауданы 59 532 шаршы метрді құрайтын 1128 пәтер орналасады. Құрылыс жұмыстары толығымен 2018-ші жылы аяқталады деп жоспарлануда. Бүгінгі күні екі көпқабатты үйлердегі үш блок-секция қолданысқа берілді, 552 пәтер тапсырылды. Тұрғын үй кешеніндегі басқа секцияларда құрылыс жұмыстары кестеге сай жүргізіліп жатыр.
Мирас Асан,
"Егемен Қазақстан"
Қарағанды