• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
11 Қараша, 2011

Көш көлікті болуы үшін

273 рет
көрсетілді

Тәуелсіздік сарайында Көлік және коммуникация ми­нис­трлігінің ұйымдас­ты­руымен Қазақстан көлік күндері ашылды. Осы шара аясында көлік және коммуникация саласына арналған халықаралық көрме ұйымдастырылып, «ТРАНС-ЕВРАЗИЯ-2011» VІІІ халықаралық конференциясы өз жұмысын бастады. Еуразиялық кеңістіктегі интеграция­лық үрдістер және ұлттық көлік жүйе­лері мен трансқұрлықтық көлік дәліз­дерінің даму келешегін талқылаған атал­мыш ха­лық­аралық конференцияға отандық және шетелдік көлік ведом­ство­­ларының бас­шы­лары, Достастық мемлекеттерінің елшілері, халықаралық ұйымдардың басшы­ла­рымен, елуге тарта мемлекеттің қаржы инсти­туттарының өкілдері қатысты. Конференцияны Қазақстан Респуб­ли­касы Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев салтанатты түрде ашып, қатысушылар мен қонақтарды Қазақстан Көлік күндерінің жалпы бағ­дарламасы­мен таныстырып шықты. Қа­зақстан Республи­касы Премьер-Минис­трінің бірінші орынба­сары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев Қазақстан Республика­сының Президенті Нұрсұлтан Назар­баевтың форумға қатысушыларға арна­ған құттықтау хатын оқып берді. Бағ­дарламаға сәйкес конференцияның пле­нарлық отырысында Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев «Қа­зақстан Республикасының транзит­тік-көлік­тік әле­у­е­тін дамыту» тақырыбында баяндама жасады. Көлік ведомство­сы­ның басшысы барлық Еуразия құр­лығының интеграциясы туралы идеяны Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынғанын атап өтіп, сенімді және тиімді көліктік желілер мен көлікті дамытуда өңірлік экономикалық ынты­мақ­тастық пен тұрақтылықты тереңде­ту, сондай-ақ еуразия­лық өңірдегі сау­даны дамыту үшін маңызы зор екендігіне баса назар аудартты. Бұдан өзге Беларусь Республика­сы­ның Көлік және коммуникация министрі И.Щербо, Латвия Республикасы Қатынас министрі А.Ронис, Болгария Республика­сының Көлік, ақпараттық технология және коммуникация министрі И.Московски, Ресей Федерациясы Көлік минис­трінің орынбасары Н.Асаул, Польша Республикасы Инфрақұрылым минис­трінің орынбасары М.Янковский, Әзер­бай­жан Республикасы Көлік минис­трінің орын­басры М.Панахов, Литва Көлік вице-министрі А.Штрас, Венгрия Респуб­ликасының Көлік ісі жөніндегі мемлекеттік хатшы­сы З.Шваба баяндама жасады. Сөз сөйлеу­шілер Қазақстанның 20 жыл­дық тәуелсіздігінде экономи­калық, саяси және әлеу­меттік дамуда әсерлі жетістіктерге қол жеткізгендігін атап өтті. Қанат ЕСКЕНДІР.