• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Желтоқсан, 2017

Тәуелсіздік күні Атырау облысында 38 сәби дүниеге келді

228 рет
көрсетілді

16 желтоқсан мереке күні Атырау облыстық перзентxанада 38 сәби өмірге келді, деп xабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Дәрігерлердің айтуынша, аналар мен балаларының жағдайлары жақсы. Облыстық денсаулық сақтау қызметкерлері мәлімдегендей, бұл күні барлық аналар мен сәбилерге сыйлықтар дайындалып, әкімдік өкілдері мен медицина қызметкерлері құттықтауларын жеткізді.

Аталған жеңілдіктер жыл сайын өткізіліп тұрады және перзентxанада бұл үрдіс дәстүрге айналған.

«Ең бастысы, сәбиім аман-есен. Мен ұл бала дүниеге әкелдім. Сонымен қатар, еліміз үшін осындай маңызды күнде дүниеге келгені екі есе қуаныш сыйлайды. Ол тәуелсіз Қазақстанның жаңа азаматы», деп қуанышымен бөлісті Алма Нығметова.