Өткен аптада Өскеменнің мектептерінде бастауыш сыныптарда сабақ болмап еді. Бүгін Семей мен Зырян қалаларындағы мектептердің 1-4 сынып оқушыларына қатты аязға байланысты сабақ тоқтатылды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен Семей қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің хабарлауынша, Зырян ауданында таңертең ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендесе, Семейде -29 градусты көрсетіпті.
Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан»