• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
12 Қараша, 2011

Қарсы күрес қадамдары қаралды

249 рет
көрсетілді

Үстіміздегі жылдың 10 қарашасында Душанбе қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттердің барлау қызметтері мен қауіпсіздік органдарының жетекшілері кеңесінің ХІІ отырысы өтіп, оның жұмысына ҚР «Сырбар» СБҚ делегациясы қатысты. Аталған форумда кеңеске қатысушылар ынтымақ­тас­тықтың көкейтесті мәсе­ле­лерін талқылап, халықара­лық терроризм мен діни экстремизмге, оның тара­луы­на және ТМД-ға қаты­сушы ел азаматтарының ра­ди­калды ұйымдардың жұ­мыс­тарына тартылуына қар­сы күрес салаларында көп­жақ­ты да, екіжақты да біріккен іс-шаралардың белсенді түрде жүргізілу қажеттігін атап өтті. Кеңес жұмысының нәти­жесі бойынша қорытынды құ­жат – меморандум қабыл­данды, онда қатысушылар аталған теріс әрекеттерге бір­ге қарсы тұруға дайын екендіктерін білдірді. «Егемен-ақпарат».