• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Желтоқсан, 2017

Шетелдік дипломаттар Байқоңырда болды

256 рет
көрсетілді

Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпус басшылары «Байқоңыр» ғарыш айлағында болып, «СОЮЗ-МС-07» басқарылатын көліктік ғарыш кемесін ұшыруды тамашалады, деп хабарлады СІМ-нің баспасөз қызметі.

 

Елшілердің «Байқоңырға» сапарын Қызылорда облысының әкімдігі және Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырды.

Ғарыш айлағына сапар аясында дипломаттар «Байқоңыр» мұражайына барып, онда айлақ мұражайын, «Буран» орбиталық кемесін және С.П.Королев пен Ю.А.Гагариннің мемориалдық үйлерін көрді. 16 дипломатиялық миссияның басшылары сондай-ақ «Қорқыт ата» мемориалдық кешенін аралады.

Сапарға Аустрия, Армения, Индонезия, Иран, Канада, Куба, Мажарстан, Марокко, Нидерланд, Румыния, Словакия, Швейцария елшілері, сондай-ақ Еуропалық одақ, ЕҚЫҰ, БҰҰ Босқындар жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасы және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілдіктерінің басшылары қатысты.

Елшілердің сапары мемле­кет­тің Қазақстан өңірлеріне шетелдік инвестиция­ларды тарту, олардың туристік әлеуетін нығайту және жағымды имиджін қалыптастыру шара­лары аясында ұйымдастырылды.