• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 10:20

Алматыда 700-ге жуық суық қару мен тыйым салынған заттар тәркіленді

10 рет
көрсетілді

Алматы қаласы полиция департаменті қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында заңсыз айналымнан 681 дана пышақ, кастет, дубинка және қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін өзге де заттар тәркіленген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы қалалық ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының басшысы Тимур Ноғайбаев қабылданып жатқан шаралар құқықбұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғанын айтты.

«Өзімен бірге пышақ, кастет және өзге де тыйым салынған заттарды алып жүруге жол берілмейді және ол заңда көзделген жауапкершілікке әкеледі. Әсіресе, кәмелетке толмағандарға ерекше назар аударылады. Құрметті ата-аналар, балаларыңыздың қандай заттарды алып жүргенін бақылап, олардың заңсыз әрекеттерге араласуына жол бермеңіздер», деді ол.

Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару табылды

Полиция бұл бағыттағы жұмыстардың тұрақты бақылауда екенін және алдағы уақытта да жалғасатынын мәлімдеді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін де Алматы облысында әлеуметтік желі арқылы сатылған 600-ден астам заңсыз қару табылған болатын. 

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар