• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Желтоқсан, 2017

Қазақстан мен Моңғолияны байланыстыратын жол салынады

294 рет
көрсетілді

Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов азақстан мен Моңғолияны байланыстыратын автокөлік жолын салу талқыланып жатқанын, жол Қытай мен Ресей аумағы арқылы өтетінін хабарлады. 

Министр Моңғолияда қазақ диаспорасының көп екенін, бұл елдің Қазақстанның сыртқы саясатында маңызды орын алатынын атап өтті. 

"Екіжақты қарым-қатынастардың басымдыққа ие мәселелері – Баян-Өлгий аймағында консулдық пунктін ашу, сондай-ақ Қытай мен Ресей аумағы арқылы өтетін Қазақстанды Моңғолиямен байланыстыратын автокөлік жолының құрылысы болып табылады", — деді Қ.Әбдірахманов. 

Бұдан бөлек, министр Қазақстанның Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Үндістан, Вьетнам, Сингапур, Малайзия, Индонезия елдерімен көпжақты әріптестікті тереңдетуге ниетті екенін айтты.