• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Желтоқсан, 2017

2018 жылы Астананың кітапханалары жаңа форматқа көшеді

196 рет
көрсетілді

Алдағы жылы қала кітапханалары ребрендинг өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Елорда кітапханалары оқырмандарына әзірлеген жобаларының бірі «Жанды кітап» деп аталады. Онда кітапхана оқырмандары танымал адамдармен кездеседі. Кездесу форматы ерекше болмақ.

Спикердің әлеуметтік желі парақшасы мен отбасылық альбомнан алынып, алдын ала дайындалған 10 қызықты суреті (спикер ол туралы білмейді) экранға шығарылады. Кездесуге келген спикер әр суреттің шығу тарихын айтып береді.

«10 суреттің «сыры» белгілі болған соң, көрермендер қызықтырған сұрақтарын қойып, жауап ала алады. Кездесуге жастар мен жеткіншектерді дұрыс жолға бағыттап, үлгі бола алатын танымал тұлғалар шақырылады», - делінген Астана қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі таратқан хабарламада.