• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Желтоқсан, 2017

Жалған техникалық құжат жасату тиылар емес

331 рет
көрсетілді

Облыс аумағында тіркелген көліктердің 15 пайызы жалған техникалық тексеру құжатымен жүр деп хабарлайды «Egemen.kz» тілшісі. 

Бұған қызметі күмәнді жекеменшік орталықтар жол беріп отыр. Олар көліктің әр бөлшегін жіті тексерудің орнына, сыртқы сипатына, суретіне қарап, құжат бере салады. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының мамандары осыны анықтаған.

Облыста 567 мың көлік тіркелген. Бұл техникалардың 81 мыңнан астамы - ауыр салмақты көліктер. Облыс бойынша көліктерді техникалық тексеруден өткізетін 58 орталық жұмыс істейді. Алайда, олардың дені халықтың қауіпсіздігін емес, қалтаның қамын ойлайтынға ұқсайды. Тиісті сала мамандары бірлесіп жасаған рейд барысында жалған құжат алған жүргізушілерге айыппұл салынды.

Бұл ауқымды шараның өтуіне ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті мен ОҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясы бастамашы болды.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Оңтүстік Қазақстан облысы.