• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Желтоқсан, 2017

Қазақстанда Жаңа жыл күндері аяз түседі

580 рет
көрсетілді

Қазгидромет мереке күндері Қазақстанда қандай ауа райы болатынын жариялады.

«Қарлы-боранды циклон Сібірге ауысты. Алдағы күндері суық ауа ағындары Қазақстанның шығысында қар жауып, боран соғуына себеп болады. Республика аумағында қайтадан антициклон орнайды, ол Жаңа жыл мерекесі күндері Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райының қандай болатынын белгілейді. Негізінен аспан ашық болады», - делінген хабарламада.

Оңтүстік және орталық облыстарда шығыстан соққан жел күшейіп, оның жылдамдығы кейбір жерлерде 15-20 м/с-қа, екпіні 25 м/с-қа жетеді. Көру мүмкіндігі 800 метрге дейін ғана жетеді, оңтүстік өңірлердегі тау асуларында одан да нашар болуы мүмкін. Ауа температурасы климаттық нормадан жоғары күйінде қала бермек, тек шығыста нормаға жуықтай түседі.

30 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысындағы жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.