Соңғы аптада жайдарманшы және филолог мамандардың Қазақстан күрес федерациясына жауапты қызметтерге тағайындалуы әлеуметтік желіде қызу талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Атап айтқанда, бұрынғы жайдарманшы Мансар Орынхан Түркістан облысы күрес федерациясының медиа саласы бойынша вице-президенті болып тағайындалды. Ал кеше филология ғылымдарының магистрі Нұраддин Садық Қазақстан күрес федерациясының атқарушы вице-президенті қызметіне кірісті.
Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Қоғамдық пікірдің туындауына негізгі себеп – екі тұлғаның да күрес саласынан тыс бағыттарда танымал болуы. Мәселен, Мансар Орынхан жайдарманшы, блогер әрі әртіс ретінде кеңінен танылса, Нұраддин Садықтың негізгі мамандығы – филолог. Дегенмен ол 2018 жылы Қазақ спорт және туризм академиясын «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша тәмамдаған. Соңғы жылдары OCTAGON аралас жекпе-жек лигасын құрып, оны табысты басқарып келеді және «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісінің иегері.
Түркістан облысы күрес федерациясының төрағасы Нұрбол Еребаев Мансар Орынханның әлеуметтік желілерде 800 мыңнан астам жазылушысы бар екендігі негізгі факторлардың бірі болғандығын атап өткен болатын.
Еркін күрес шеберлері Бішкекте қос қоланы қанағат тұтты
Сонымен қатар, оның тағайындаудан кейінгі алғашқы жалақысына қатысты әзіл видеосы да желіде түрлі пікір туғызды. Бір бөлігі бұл шешімді сынға алып, спорт саласына кәсіби мамандар келуі керек екенін айтса, енді бір бөлігі федерацияның жаңа кадрлық саясаттағы креативті қадамын қолдаған.