• RUB:
    6.11
  • USD:
    472.03
  • EUR:
    540.29
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 20:10

Павлодарда көлік трамвай бағанына соғылып, жүргізуші қаза тапты

Павлодар қаласында жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөлік жүргізушісі көз жұмды. Қайғылы оқиға Нұрсұлтан Назарбаев пен Жаяу Мұса көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, Geely Emgrand көлігінің жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын сақтамай, трамвай желісінің бағанына соғылған.

Полиция аталған жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта апаттың нақты себептері мен мән-жайы сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында анықталып жатыр.

Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, қозғалыс кезінде қауіпсіз жылдамдықты таңдауға және көліктің техникалық жағдайын тұрақты бақылап отыруға шақырды.

Еске салайық, бұған дейін Батыс Қазақстанда қызметтік міндетін атқару кезінде екі полицей жол апатынан қаза тапқанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар