• RUB:
    6.11
  • USD:
    472.03
  • EUR:
    540.29
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 18:20

АҚШ пен Иран арасындағы келесі келіссөз қашан өтеді?

БАҚ мәліметінше, АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердің келесі раунды Пәкістан астанасы Исламабадта немесе Швейцариядағы Бюргеншток курортында ұйымдастырылуы ықтимал. Дипломатиялық дереккөздердің айтуынша, қазіргі таңда ең ықтимал орын ретінде Исламабад қарастырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, келіссөздер 11 шілдеге жоспарланған. Алайда тараптар әзірге оның өтетін орны мен нақты уақытын түпкілікті бекіткен жоқ.

Кездесу барысында Иранның ядролық бағдарламасы, Тегеранға қарсы санкцияларды жеңілдету, шетелдегі Иран активтерін бұғаттан босату мәселелері талқыланады. Сонымен қатар Ормуз бұғазындағы тұрақтылықты сақтау және Израиль мен Ливандағы «Хезболла» қозғалысы арасындағы атысты тоқтату режимінің сақталуы да күн тәртібіне енгізіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Пәкістанның премьер-министрі Шахбаз Шариф АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт келісім түпкілікті рәсімделуі ықтимал екенін мәлімдегенін хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар