• RUB:
    6.11
  • USD:
    472.03
  • EUR:
    540.29
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 19:19

Павлодар облысында жоғалған қыз дронның көмегімен табылды

Павлодар облысында жоғалып кеткен 2003 жылы туған қызды құтқарушылар дауыс зорайтқыш орнатылған дронның көмегімен тауып алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

112 қызметіне қыздың жоғалғаны туралы хабар күндіз түскен. Өтініш берушінің айтуынша, олар бір күн бұрын Павлодарское ауылы маңындағы Ертіс өзенінің жағасында түнеп демалған. Таңертең бойжеткеннің жоқ екені белгілі болып, өз бетінше жүргізілген іздеу нәтиже бермеген.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жедел жетіп, аумақты тексеруге дауыс зорайтқышпен жабдықталған ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдаланды. Іздеу барысында мамандар дрон арқылы қызға дауыстап үн қатып, дыбыс шыққан жаққа қарай жүруін сұраған.

Қыз құтқарушылардың дауысын естіп, жауап бергеннен кейін іздеу тобына қарай бет алған. Соның нәтижесінде оның нақты орналасқан жері қысқа уақыт ішінде анықталды.

Табылғаннан кейін бойжеткен полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Оның медициналық көмекке мұқтаж еместігі хабарланды.

Айта кетейік, Маңғыстау облысында Бекет ата жерасты мешітіне бет алып, кейін жоғалып кеткен үш азамат аман-есен табылды. Олар мінген көлік Қыдырша ата аумағынан шамамен 35 шақырым жердегі жетуі қиын аймақта анықталған.

Соңғы жаңалықтар