• RUB:
    6.11
  • USD:
    472.03
  • EUR:
    540.29
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 17:20

Бекет атаға бара жатқан жолда жоғалған үш азамат аман-есен табылды

Маңғыстау облысында Бекет ата жерасты мешітіне бет алып, кейін жоғалып кеткен үш азамат аман-есен табылды. Олар мінген көлік Қыдырша ата аумағынан шамамен 35 шақырым жердегі жетуі қиын аймақта анықталған. Алдын ала мәлімет бойынша, жол талғамайтын көлік батпақты жерге батып қалып, жолаушылар әрі қарай жүре алмай, байланысқа шығу мүмкіндігінен айырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жоғалғандарды алғаш болып Бейнеу аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Нұржігіт Базарбаев пен әкімшілік полиция бөлімінің аға инспекторы Бауыржан Нұрмұханбетов тапқан.

Қазіргі уақытта азаматтар Ақжігіт ауылына жеткізіліп жатыр. Онда олардың денсаулық жағдайын анықтау үшін медициналық тексеру жүргізіледі.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті іздеу жұмыстарына қатысқан барлық қызметкерлердің еңбегіне алғыс білдірді. Іздестіру жұмыстарына полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар департаментінің мамандары, «Охотзоопром» инспекторлары, авиация және еріктілер жұмылдырылған.

Еске салайық, бұған дейін Қатардағы зауытта жарылыс болып, 18 адам із-түзсіз жоғалып кеткенін хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар