• RUB:
    6.11
  • USD:
    472.03
  • EUR:
    540.29
Басты сайтқа өту
Футбол Бүгін, 20:56

Өзбекстандық төрешіге әлем чемпионатындағы ең төменгі баға берілді

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының Франция мен Парагвай арасындағы сегізден бір финалдық кездесуіне төрелік еткен өзбекстандық төреші Ильгиз Танташев француздың L'Équipe басылымынан 10 балдың 1-ін ғана алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Басылым бұл бағалаудың әлем чемпионаттары тарихындағы төрешілер арасындағы ең төменгі көрсеткіш екенін атап өтті. Матч барысында Парагвай құрамасы 13 өрескел ереже бұзғанымен, бірде-бір сары қағаз алмады. Ал Франция футболшыларына 10 тактикалық ереже бұзғаны үшін үш сары қағаз көрсетілген.

Сондай-ақ басылым төрешінің Килиан Мбаппеге қарсы жасалған екі дөрекі әрекетке назар аудармағанын сынға алды. Атап айтқанда, ойыншыға бірінші таймда кеуде тұсынан шынтақпен соққы жасалып, кейін аяқ тұсынан тепкенімен, бұл сәттерге ешқандай жаза қолданылмаған.

L'Équipe басылымы төрешінің Парагвай ойыншыларының бірнеше рет жасаған дөрекі ойындарына сары қағаз көрсетпегенін сынға алды. Тіпті алғашқы ескерту тек матч аяқталғаннан кейін ойыншыларға емес, Парагвай құрамасының бапкерлер штабының мүшелеріне берілгені айтылды.

Еске салсақ, Франция құрамасы Парагвайды 1:0 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды. Келесі кезеңде француздар Марокко құрамасымен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар