Әлем чемпионатының ширек финалында бақ сынайтын алғашқы жұп анықталды. 1/8 финалдық кездесулердің қорытындысы бойынша Франция мен Марокко құрамалары келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Франция құрамасы Парагвайды 1:0 есебімен жеңді. Кездесудегі жалғыз голды екінші таймда пенальтиден Килиан Мбаппе соқты.
Ал Марокко құрамасы Канаданы 3:0 есебімен сенімді түрде жеңіп, ширек финалға шықты.
Осылайша, ширек финалда Франция мен Марокко өзара кездеседі. Матч 10 шілде күні Қазақстан уақытымен сағат 01:00-де өтеді.
Айта кетейік, әлем чемпионатының 1/8 финалдық ойындары жалғасуда. 5 шілдеден 6 шілдеге қараған түні Бразилия Норвегиямен, ал Мексика Англиямен кездеседі.