ОПЕК+ құрамындағы жеті мемлекет тамыз айында мұнай өндіру лимитін тәулігіне 188 мың баррельге арттыру туралы келісімге келді, деп хабарлайды Egemen.kz
Мәлімдемеге сәйкес, Қазақстанның тамыз айындағы мұнай өндіру квотасы тәулігіне 1,618 млн баррельді құрайды.
Президент: Аймақтағы мұнай-газ өндіретін жетекші мемлекет ретінде мықты инфрақұрылым қалыптастыруымыз қажет
Әңгіме 2023 жылы мұнай өндіруді ерікті түрде қысқарту жөнінде міндеттеме алған ОПЕК+ елдері туралы болып отыр. Олардың қатарында Қазақстан, Ресей, Сауд Арабиясы, Ирак, Кувейт, Алжир және Оман мемлекеті бар.
Елімізде бензин, дизель және мұнай өнімдерінің экспортына тыйым ұзартылуы мүмкін