Перуде автобуспен жүк көлігі соқтығысып, 36 адам қайтыс болғандығы туралы бірқатар әлемдік басылымда хабарланды.
Жол-көлік апаты ел астанасынан 70 км қашықта болған. Апат болған аймақты жергілікті жұрт «Ібіліс бұрылысы» (Curva del Diablo) атап кеткен.
50 жолаушы мінген автобус 100 метр биіктен құлаған. «Апаттан қайтыс болғандардың саны 36-ға жетті, жараланған алты адам бар», - деді елдің денсаулық сақтау министрі өз мәлімдемесінде.
Оқиға болған жерге құтқарушы жасақ пен дәрігерлер, психотерапевтер жеткізілді.