• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Қаңтар, 2018

500-ден астам астаналық интернет алаяқтарға алданып қалған

291 рет
көрсетілді

Олардың дені Қазақстан мен Ресей және шекаралас республикалардың тұрғындары, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Астана қаласының ІІД жоқ тауар мен өнімді сатумен айналысатын интернет алаяқтардың көбейгенін хабарлады.

ІІД Криминалдық полиция басқармасының бөлім басшысы Талғат Бөлегеновтің айтуынша алаяқтар жоспарарын түрлі тауарды өте төмен бағамен ұсыну арқылы жүзеге асырады. 

“Сатып алу барысында сатып алушы тауардың ақшасын 100% көлемде QIWI-әмиянға ауадарады. Ақша аударылымы жүзеге асырылған соң сатушы ақшамен қоса жоқ болып кетеді. Әрі әлеуметтік желідегі аккаунтты өшіріп тастайды”, - дейді Бөлегенов.

Тәртіп сақшыларының айтуынша алаяқтар QIWI-әмиянды тіркеу үшін жеке басын куәландыратын құжатты қажет етпейдіктен пайдаланады. Бұл тәртіп сақшыларының жұмысын қиындатып отыр.