Ержұман, қош дегізіп өрт күніңе Жетпіс те жылжып басып жетті, міне!.. Көрсек те дүрсіліңді со-оу заманда, Риза болатынбыз мәрттігіңе.
Бір жанға титімдей де қастығың жоқ. Сен үшін қалды Жұмыс басты ұғым боп. Кей кезде шашылсаң да тас-талқан боп, Сол сәтте шығушы едің тас-түйін боп.
Болмастан өр аға да, төраға да, Айналдың жүк көтерер Бел ағаға... Оңды-сол найзағайын сілкіп атқан Қашанда адал болдың Шер-ағама!
Сен үшін көп-көп адам аласа тым. (Жан аз ғой үйлесетін, жарасатын.) Кеудеңе сыйғызғанша құйып алдың Әбіштің пайымы мен парасатын.
Жарасып әрбір келген жаңа күнмен Өз жолын Азаматсың таба білген. Ержұман, жасай берші, ұзақ жаса! – Бірде айқын, бірде жұмбақ заманыңмен!
Темірхан МЕДЕТБЕК