• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Қаңтар, 2018

Теміртауда жауған қардың бетін ыс басып қалған

265 рет
көрсетілді

Теміртауда жауған қардың бетін күйе басып қалған. Тиісті шара қабылдау мақсатында қала әкімі эколог мамандардың тұжырымды жауабын күтіп отыр, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ыс басқан қардың суретін жергілікті тұрғындар суретке түсіріп, әлеуметтік желілерге салып жатыр.

"Бұл жағдайға қатысты қаланың әкімі экология департаментіне суреттермен және экологиялық қызметтің жауабымен қосып хат жазды. Жауабын күтіп отырмыз. Өкінішке қарай, төтенше жағдайлар қызметінің қалалық экологы қалада жоқ", - деп жауап берді тұрғынның жазбасына пікір қалдырған Теміртау әкімінің баспасөз хатшысы Ольга Горячева.