• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Театр 08 Қаңтар, 2018

Жанар апайдың қуыршақ театры

1880 рет
көрсетілді

Ол Жамбыл ауылындағы мектептің кітапханасынан орын алыпты. «Мақта қыз», «Тазша бала», «Мыстан кемпір», «Бауырсақ», «Мақтаншақ бала», «Түлкі мен құмыра», «Бес ешкі» сияқты қазақ және орыс ертегілері, жан-жануарлар бейнесіндегі қуыршақтар – үйірменің басты кейіпкерлері. Шағын театр қорында 50-дей қуыршақ бар. 

Үйірме «Ертегілер әлемінде» деп аталады. Кітапханаға кір­ген бетте қуыршақтар қар­сы ала­ды. Кітапханашы Жа­нар Қой­шы­байқызы ертегі кейіп­кер­ле­ріне киімдерді де өзі тігеді екен. Жұмсақ ойыншықтарды са­­тып алады. Оларды сөгіп, қол­­ға ыңғайлап қайта тігіп шы­­ғады. Жұмыс үстелі түрлі-түсті қағаз, картон, маталар, жіптер, мақта, моншақтар, ағаш, тері, бояуларға толы. Ке­­зек­ті ертегі қойылымына дай­­­ындалуда. Сахналық кө­рі­­ністі де өзі декорациялайды. Мақсаты – оқушылардың әде­­биетке құштарлығын ояту, олар­­ды кітап оқуға ынталанды­ру, театр, өнер әлеміне деген қызығушылықтарына мүм­­кіндік беру. Үйірме аудан орталығындағы «Пси­хология-педагогикалық тү­зеу орталығында» тәрбиеленіп жат­қан мүмкіндігі шектеулі ба­лаларға ертегілерін көрсетіп, қуа­нтып қайтыпты.

– Алғашында қуыршақтарды қағаздан жасадым. Қолға кигенде қуыршақ қимылға келетіндей болуы керек. Жіп немесе сым ар­қылы қозғалтатын түрлері де бар. Сахналық қойылымдарға кей­і­пкер ретінде қатысу оқу­шы­ларға, әрине өте қызық, дейді Жанар Қойшыбайқызы.

Сахнаның ертегі маз­мұ­ны­на сай безендірілуі, әсем та­биғатты жандандыра­тын ды­быстарға ерекше үйле­сім­ділік қажет. Үйірмеге То­мирис Абдрахманова, Ма­хаббат Жүнісова, Аяжан Айт­құлова, Мар­гарита және Ка­рина Ки­чигиналар, София Ко­зин­с­кая, Вика Треба сияқты мектеп оқушылары тұрақты түрде қатысады.

Жанар Қойшыбайқызының айтуынша, мектеп кітапханасы жұмысын негізі 3 тілде жүргізіп, жыл мезгілдеріне байланысты оқулар ұйымдастырады. Би­ыл «Неделя детских сказок», «Мир книг в мире детства», «Пу­тешествия в мир сказок», «В гос­тях у Андерсона», «В гостях у Пушкина» және басқа ертегілер бой­ынша да үш тілде оқулар өт­кізеді. Оқушылар қазақ, орыс, ағыл­шын тілдеріндегі өлеңдерді мәнерлеп оқып немесе жатқа айтып, білім-біліктерін дамытады. Үйірмеге қатысушы оқушылар ер­тегілерді де үш тілде сөйлетіп, бейнелейді.

– Ертегіні оқимыз, талдаймыз. Әр оқушының қабілетіне сай кейіпкерлердің рөлін бере­мін. Сахнаға шыққан сайын шы­ғармашылық шабыт, із­де­ніске түседі. Саусақтарды жат­тық­тырамыз. Балалар киім­дер­ді саусақтарына киеді. Ер­те­гінің мәтінін айта отырып сау­сақтарын қимылдатып, сюжет жасайды. Көріністі перденің сыртында тұрып немесе қозғала жүріп көрсетеді. Театрдағыдай дауыс ырғағы, бет әлпетінің өзгеруі, қол қимылдары, де­не бітімінің өзгеруі, жүріс-тұ­рыс қозғалыстағы бейнелер көр­сетіледі, дейді үйірме же­текшісі.

Қазір үйірме оқушылары Е. Елубаевтың «Асар», Қадыр Мырза Әлінің «Қотыр торғай» жә­не «Ұр, тоқпақ!» секілді ер­те­­гілерін оқып дайындалуда. Жыл сайын 30-дай ертегі сахналанады.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар облысы,

Лебяжі ауданы

Суретті түсірген

Қанат СҰЛТАНҒАЗИН