Taza.kz

# Театр

Театр • 22 Сәуір, 2026

Алматыдағы театрлардың біріне Асанәлі Әшімовтің есімі берілді

Алматыдағы «Жаңа ғасыр» театрына қазақ театр және кино өнерінің көрнекті қайраткері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің есімі берілді, деп жазады Egemen.kz.

Театр • 17 Сәуір, 2026

Қажымұқан туралы тұңғыш драма

Ұлттың айбынды тұлғасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдық мерейтойына орай Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында «Қажымұқан» спектаклінің тұсауы кесілді. Айтулы премьера – уақытпен бірге өшпеген ерлік рухының қайта оралуы, ұрпақ жүрегінде жаңғырып, сезім мен рәміздің терең иірімінде тербелген көркем толғаныс.

Театр • 15 Сәуір, 2026

Халық қошеметіне бөленген қойылым

Қасиетті Ертіс-Баян өңірінің рухани ордасы іспетті Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының биылғы гастрольдік сапары Талдықорған өңірінен бастау алған еді. Осы өнер сапары 8-10 сәуір күндері Алматы қаласында жалғасты.

Театр • 11 Сәуір, 2026

«Травиата» тағы да таңғалдырды

«Астана Опера» сахнасында ұсынылған Джузеппе Вердидің жауһар туындысы – «Травиата» айрықша леппен, жаңа тыныспен көрерменге жол тартты. Театр табалдырығын аттаған сәттен бастап-ақ өзгеше толқу сезіліп, фойені әсем әуенге деген сағыныш биледі. Залға жиналған қауымның ықыласы қойылым басталған алғашқы минуттардан-ақ анық аңғарылды.

Театр • 07 Сәуір, 2026

Сахна тынысы сарапталды

Театр өнерінің шығармашылық тынысын кеңейтіп, жаңа қойылымдардың көркемдік деңгейін саралауға бағытталған дәстүрлі «Алтын сақа-2026» VIII театрішілік жаңа қойылымдар фестивалі биыл айрықша мазмұнда өтті. Бұл жолғы өнер додасы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының 80 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп, ұжым тарихындағы маңызды мәдени оқиғалардың біріне айналды.

Театр • 03 Сәуір, 2026

Эйфман қойылымы – Астанада

«Астана Опера» сахнасында сәуірдің алғашқы күндері өнер мерекесіне айналған айтулы гастроль өтті. Борис Эйфман жетекшілік ететін Санкт-Петербург академиялық балет театры елорда көрерменін терең философиялық мазмұнға құрылған қос бірдей қойылымымен тәнті етті.

Театр • 01 Сәуір, 2026

Шынайы өнер шеруі

Елорда төрінде көктемнің шуақты күндерімен қатар келген Халықаралық театр күні мерекесі биыл да ерекше сән-салтанатымен аталып өтті. Айтулы мейрам аясында Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры сахнасында өткен дәстүрлі «Қаллеки тынысы» спектакльдер шеруі бір апта бойы көрерменін өнердің сиқырлы әлеміне жетелеп, театрдың шынайы рухын сезіндірді.

Театр • 01 Сәуір, 2026

Би асқақтатқан Ботай тарихы

Қызылжардың «Sensitive» (сезімтал) би театры туралы талай жаз­ған­быз. Бұл ұжым қазір би әлемінде өзіндік қолтаң­басымен танылып, шетелдерде мойындалып жүр. Еуропа, Азия елдері­нің талай байқауларына қатысып, үнемі жүлделі орындар алып, бірнеше бас жүлде иеленді.

Театр • 27 Наурыз, 2026

Аида Балаева Дүниежүзілік театр күнімен құттықтады

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева барлық театр өкілдерін Дүниежүзілік театр күнімен құттықтап, оларға шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер мен шабыт тіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Соңғы жаңалықтар
Фото
Яндекс.Метрика