Биыл осы көрініс тағы қайталанып, ірі коммуналдық апат салдарынан жақын маңайдағы жер үйлердің иелері үлкен зардап шекті. Жарылған құбырдан атқылап аққан су айналаны лезде көктайғақ мұзға айналдырды.
«Қызылжар су» кәсіпорнының техникалық директоры Арман Саутовтың айтуынша, апатты ауыздықтауға 4 бригада, 12 техника, 30 адам жұмылдырылған. Көмекке «Коммунхоз» ЖШС да тартылған.
Осы маңға тартылған екі шақырым жаңа құбырға жарты миллиард теңге қаржы жұмсалып, қолданысқа берілгеніне бір ай ғана болыпты. Енді, міне, сапасыз атқарылған жұмыс саршұнақ аязда сыр беріп, жұртшылықты үлкен әбігерге салып қойған жайы бар.
Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы