• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Қаңтар, 2018

Батыс Қазақстанда ұстаздар ақын жырын жатқа оқыды

519 рет
көрсетілді

Қадыр Мырза Әлінің туған күні Батыс Қазақстан өңі­рінде әрқашан кеңінен ата­лып өтеді. Оқушылар арасында жыл сайын ұйым­дастырылатын дәс­түрлі «Қадыр оқулары» биыл Сырым ауданында ерек­ше қалыпта өтті. Бұл жо­лы оқушылар емес, мұ­ғалім­дер Қадыр шығар­ма­шы­лығынан бақ сынады.

Сырым аудандық білім беру бөлімі мен аудандық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен өткен сайыста мұғалімдер ақын­ның өлеңдерін мәнерлеп оқып, Қадырға өлең арнап, ақын сөзіне жазылған әндерді орындады.

Байқаудың «Сөздің бәрі құді­ретті» атты бөлімінде ақын шығармаларын мәнерлеп оқудан Бұлдырты орта мектебінен келген Мира Несіпқалиева бас жүлдені еншіледі. «Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін» аталымында Тасқұдық негізгі мектебінен келген Сатым Қажыгереевке бас бәйге бұйырды. Ал Қадыр ақынның сөзіне жазылған әндерді орындау талап етілген «Кейбір жырым дән ұшырып қырманда, кейбір жырым бақташы боп жүр маңда» атты бөлімде Тасқұдық негізгі мектебінен Нұргүл Тал­блимова жеңімпаз атанды.

– Жас ұрпаққа білім беріп жүрген ұстаздар қауымының Қадыр Мырза Әлі ақынның шы­ғар­машылығын жете білуі өте маңызды. Әйгілі ақын туған то­пырақ өкілі болғандықтан біздің мойнымызда ерекше жауап­кершілік бар, – дейді Сырым ауданы әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов.

Байқаудан соң жеңімпаздар мен жүлдегерлер Жымпиты село­сындағы Қадыр ескерткішіне гүл шоғын қойып, ақын аруағына құрмет көрсетті.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Батыс Қазақстан облысы