• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Қаңтар, 2018

Атырауда жануарлар ауруларының алдын алу үшін екі млн-ға жуық вакцина сатып алынады

397 рет
көрсетілді

Үй жануарларын қауіпті аурулардан қорғау мақсатында жүргізілетін егу жұмыстары ақпан айында басталады.

Ауыл шаруашылығы департаментінің ветеринария бөлімінің мәліметінше, биыл облыста жануарлар ауруларының алдын алу үшін шамамен 1 миллион 79850 вакцина сатып алу жоспарланып отыр. 

Барлық үй жануарлары түйіндік дерматит, марқа, қарасан, құс аурулары сынды қауіпті індеттердің алдын алу мақсатында ванцинацияланады.

«Қазіргі уақытта Атырау облысында үй жануарларының қауіпті аурулары туралы дерек жоқ. Биыл республикалық қаражат есебінен бөлінген вакциналарды егу жұмыстары ақпан айынан басталып, жыл соңына дейін жүргізіледі. Келген вакциналар үй жануарларына бірден егіледі», - дейді ауыл шаруашылығы департаменті ветеринария бөлімінің басшысы Элеонора Даутбаева.