Маңғыстау облысында бірқатар кадрлық өзгерістер орын алды. Аппараттық жиында сөз алған облыс әкімі Ералы Тоғжанов жаңа тағайындаулар туралы айтты.
Облыс әкімінің кеңесшісі болып Әсел Балманова Аманбеқызы тағайындалды.
Әсел Балманова Батыс-Қазақстан облысы Орал қаласында 22 қыркүйек 1987 жылы дүниеге келген. Білімі – жоғары (2009 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университеті, 2012 жылы «Евразия» институты «Юриспруденция», 2016 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университеті – «Экология» магистрі).
Еңбек жолын 2010 жылдың наурыз айынан Батыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының, қоршаған ортаны қорғау және мониторинг бөлімінің бас маманынан бастады.
11.2012-12.2016 жж.- бас маман, Батыс-Қазақстан облысы әкімі аппаратының ақпараттық және құжат айналымы бөлімінің басшысы;
02.2017-10.2017жж. – Батыс-Қазақстан облысының ауыл шаруашылық басқармасының құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы;
10.2017 – 08.2018 жж. - «Батыс Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығы» Кәсіподақтар аймақтық қауымдастығының төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.
***
Бауыржан Қайратов Қайратұлы «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы» АҚ Басқармасының төрағасы болып тағайындалды.
Бауыржан Қайратов 1987 жылдың 4 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында туған. Білімі – жоғарғы (2010 жылы «Болашақ» бағдарламасы аясында АҚШ-тың Индиана университетін, 2016 жылы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдады).
Еңбек жолын 2010 жылы Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласындағы «Тасымал көлігі» ЖШС-нің қаржы директоры болып бастаған.
04.2012-11.2012 – сарапшы м.а., Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің арнайы бағдарламалар басқармасының сарапшысы (Астана қаласы);
11.2012-02.2013жж. – Мемлекеттік басқаруды дамыту департаментінің Мемлекеттік басқаруды дамыту саясаты департаментінің бас сарапшысы, (Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, Астана қаласы).
03.2013-01.2014жж. – Мемлекеттік басқаруды дамыту департаментінің Мемлекеттік басқаруды дамыту департаментінің бас сарапшысы (Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Астана қаласы).
01.2014-10.2014 жж. – Әлеуметтік және көші-қон саясаты департаментінің білім, ғылым, мәдениет және спортты дамыту басқармасының басшысы (Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Астана қаласы).
10.2014-02.2017жж. – Әлеуметтік, көші-қон саясаты және мемлекеттік органдарды дамыту департаменті Білім, ғылым, мәдениет, спортты дамыту басқармасының басшысы;
03.2017-05.2017жж. – Әлеуметтік саясат және мемлекеттік органдарды дамыту департаменті Білім, ғылым, мәдениет, спортты дамыту басқармасының басшысы (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, Астана қаласы).
05.2017-06.2017жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Ақпараттық-аналитикалық орталығының жедел ақпарат секторының меңгерушісі.
06.2017-01.2018жж. - «Қазақинвест» ұлттық компаниясы» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары қызметтерін атқарды.
***
Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып Серік Қалдығұл Сырымұлы тағайындалды.
Серік Қалдығұл 1968 жылы 19 қазанда Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылында дүниеге келген.
Білімі – жоғары, 1992 жылы Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылық институтын «агроном» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1992 жылы Ақтау қаласында бастаған.
05.1992-04.2001 жж. - Ақтау қаласындағы «Теңге» фирмасында брокер.
04.2001-02.2002жж. - Ақтау қаласындағы «Семсер» ЖАҚ кеңесшісі (консультант).
05.2002-08.2007жж. - «Берекет-Ақтау» ЖШС директоры
02.12.2007-06.12.2007жж. - Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасының Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу және техникалық саясат бөлімінің басшысы.
06.12.2007-30.01.2009жж. - Мұнайлы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.
04.02.2009-19.02.2010жж.- Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі
19.02.2010 – 05.05.2011жж. – Мұнайлы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.
06.05.2011-02.08.2013 - Мұнайлы ауданы Дәулет ауылының әкімі.
05.08.2013-26.11.2017 – Жаңаөзен қаласы әкімінің орныбасарының м.а., Жаңаөзен қалсы әкімінің орынбасары.
27.11.2017-03.01.2018жж.- Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.
***
«КазАвтоЖол» ҰК АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры қызметіне Ербол Омаров Бақтиярұлы тағайындалды.
Ербол Омаров 1985 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған.
Білімі – жоғары, 2006 жылы М.Тынышбаев атындағы Қазақ Көлік және коммуникация академиясын «Автомобиль жолдары және аэродромдар құрылысы» мамандығы бойынша аяқтаған.
2009 жылы Алматы университетінің заң факультетін бітірді.
Еңбек жолын 2006 жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік инфрақұрылымы комитетінің техникалық саясат басқармасының жетекші маманы ретінде бастады.
2006-2007 жж. Қазақстан-Ресей автожол кешенінің жол бөлімінде жетекші маманы; 2007-2011 жж. Қазақстан Республикасы Көлік инфрақұрылымы комитетінің құрылымында; 02.2011-04.2011жж.- «Жол-Сапа» ЖШС инженері; 2011-2013жж.- бизнес саласында; 2013-2017жж.- «ҚазАвтоЖол» ҰК» Ақ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының директорының орынбасары; 2017 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қазахавтодор» РМК директорының орынбасары болып қызмет етті.
«Жол саласына қосқан үлесі үшін» медалімен, «Батыс Европа-Батыс Қытай» жобасын жүзеге асыруға үлес қосқаны үшін «Құрметті жолшы» төс белгісімен марапаталған.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»